Үкімет басшысы тұжырымдаманы әзірлеушілер жұмысын оң бағалай келе, елімізде тұтынушыларға және отын ресурстарын тарату, энергия өндіруші кәсіпорындар құрылымына сәйкес қолда бар, әлемде баламасы жоқ энергия секторын реформалаудың еліміздегі тамаша үлгісі барына тоқталды. Бұдан басқа:
«Электр энергиясы өндірісі кезінде бәсекелестік орта құрылды. Мұнымен бірге айта кету керек, электр энергиясының көтерме рыногы құрылды, баға тұрақты, рыноктық жағдайда жұмыс істеуде, қалыпты деңгейде баланс қалыптасқан. Қажетті заңнамалық, нормативтік база қалыптасқан. Мен бүгінде Қазақстанда әрбір энергиястанциясы іс жүзінде қайта құрылғанын және өз қуатын ұлғайтуға күш салып жатқанын айтып отырған жоқпын,- деді Даниал Ахметов.
Сондай-ақ бүгін экономиканың аталған секторында мемлекеттік және рыноктық қатынас жаңартылуда. Сонымен бірге, жоспарланған мерзімде тұжырымдаманы іске асыруға мүмкіндік беретін шешімдер, техникалық сипаттағы бірқатар мәселенің басы ашық күйінде қалуда. Пікір алмасу барысында Даниал Ахметов электр энергиясының бөлшек саудасы енгізілгенін және қызмет көрсетуде тарифтердің айтарлықтай өсуін ауыздықтап, электр энергиясы бағасының балансын сақтап отырғанын қатысушылар есіне салып өтті.
«Негізгі мәселе, біздің не істейтіндігімізде: яғни, энергетикалық саланы реформалауға бағытталған және рыноктық жаңаруларды жүргізу қажеттігі арасында тиімді шешім табуда. Біздің тұтынушыны қорғау үшін — бағаның өсуін тоқтату, мүмкін боларлық өндірістік емес кедергіні азайту, тұтынушының таңдау құқына жол беру — қашан, қайда, қандай, кімнен және қанша электр энергиясын сатып аларын өздері шешуі тиіс. Және бір мезетте екінші міндет: осы жағдайларда еліміз бойынша бірыңғай энергетикалық жүйенің тоқтаусыз, қауіпсіз және сенімділігін сақтау қалай жүзеге асатыны шешіледі»,- деді тұжырымдаманы әзірлеушілердің бірі Энергетика және минералдық ресурстар министрі Владимир Школьник.
Кеңесте атап өтілгендей, қазіргі кезде бұл бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері қолға алынуда. Жұмыс толығымен 2006 жылы аяқталады. Кеңес қорытындысы бойынша Даниал Ахметов мүдделі министрліктер мен ведомстволарға бір апта мерзімде қажетті құжаттармен жұмыс істеп, Елбасының тапсырмасы аясында тұжырымдаманы әзірлеуді аяқтауды тапсырды.