Республикадағы жанар-жағармай қоры түрлеріне қарай мынадай: дизельдік отын — 105,9 мың тонна (2003-жылғы қазан айындағымен салыстырғанда 6,4 процентке кем), автокөлік жанармайы — 133,3 мың тонна (14,1 процент кем), май түрлері — 10,6 мың тонна (8,8 процент артық) болды.
Ал жылыту маусымы басталар тұста өндіруші және көтерме сауда қоймалары мен тұтынушылар қолындағы отын қоры артты.
Көмір қоры 5,8 млн. тоннадан астам (2003-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 33 процентке артық), жағатын мазут қоры 256,5 мың тоннаны (7,2 процент артық) құрайды.