Қазақстан Палестинамен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейте түсуден мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Палестинамен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейте түсуден мүдделі

Қазақстан Палестинамен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейте түсуден мүдделі

Қазақстан Палестинамен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейте түсуден мүдделі. Бұл туралы бүгін, 14-қазанда мәжілістің вице-спикері Сергей Дьяченко Палестинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Абдалла Таршаханимен кездесуде мәлімдеді.

  • 14 Қазан 2004
  • 321
Фото - Caravan.kz

С.Дьяченко екі мемлекет арасындағы «байланыстардың қарқынын» атап өтті. Сондай-ақ ол қазір Қазақстан мен Палестина саяси салада ынтымақтасып отырғанын хабарлады. «Біз өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудан, соның ішінде Жерорта теңізіндегі айлақтарға шығу мүмкіндігінен мүдделіміз»,- деді вице-спикер.

С.Дьяченконың айтуынша, көптеген саяси мәселелер бойынша Қазақстан мен Палестинаның ұстанымы ұқсас. Ол сонымен бірге «Қазақстан Таяу Шығыста баянды бейбітшілік орнауынан айрықша мүдделі» деп атап өтті.
Тараптар сонымен бірге заң шығарушы органдар арасындағы байланыс аясын кеңейтуге пейіл білдірді.

Перейти к новостям спорта