Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінде Қазақстан мен Беларусьта тірлішікке көңілі толу деңгейі біршама жоғары болса, Ресейде біраз төмен, ал Украинада тіптен төмен - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінде Қазақстан мен Беларусьта тірлішікке көңілі толу деңгейі біршама жоғары болса, Ресейде біраз төмен, ал Украинада тіптен төмен

Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінде Қазақстан мен Беларусьта тірлішікке көңілі толу деңгейі біршама жоғары болса, Ресейде біраз төмен, ал Украинада тіптен төмен

Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінде Қазақстан мен Беларусьта тірлішікке көңілі толу деңгейі біршама жоғары болса, Ресейде біраз төмен, ал Украинада тіптен төмен көрінеді. Төрт елдің зерттеуші компанияларының "Еуразиялық монитор" жобасы аясында жүргізген сауалнамасының қорытындысы осындай болып шықты. Зерттеу қорытындысы Біртұтас экономикалық кеңістіктің ақпараттық сайтында жарияланған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Қазан 2004
  • 572
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтанушылардың мәліметі бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56% тіршілік деңгейіне «толық қанағаттанатынын» немесе «орташа деңгейде қанағатанатынын» білдірген. Ал бұл көрсеткіш Беларусьта 49%, Ресейде — 48%, Украинада — 39%. Ал тіршілік деңгейіне көңілі толмайтындардың басым бөлігі Украинада тұрады. Олар 58%-ті құрайды. Ресей мен Беларусьта бұл көрсеткіш біраз төмен, яғни, 51%-ке тең. Ал Қазақстанда тіршілік деңгейіне қанағатта алмайтындардың саны ең төмен, яғни, 41 процентті құрайды.

«Зерттелген төрт елдегі тіршілік деңгейіне қанағаттанатындар деңгейінің төмендігі тұрғындардың материалдық ахуалының нашарлығына және ондағы экономикалық ахуалға байланысты болмақ»,- дейді әлеуметттанушылар. Ресейліктердің басым бөлігі, ал Украина, Беларусь және Қазақстан тұрғындарының біраз бөлігі өздерінің материалдық ахуалын орташа деңгейде деп бағалайды (тиісінше 56%, 54%, 51%, 57%). Ал Украиндықтардың 37%, Қазақстандықтардың 20% өздерінің материалдық ахуалын төмен деп санайды. Соған қарамастан, ресейліктер, беларусьтар мен әсіресе украиндықтармен салыстырғанда қазақстандықтар арасында материалдық ахуалын жақсы немесе өте жақсы деп бағалайтындар саны көп (22%) болып шыққан.
Қазақстан тұрғындары өз еліндегі экономикалық ахуалға ең позитивті баға берсе, Украина тұрғындары ең кері баға береді. Мәселен, украиндықтардың 58, қазақстандықтардың 21 проценті өз еліндегі экономикалық ахуалды нашар деп бағалайды. Ал Ресейліктер мен Беларусьтар бұл тұрғыда аралық позицияда, онда сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі өз елдеріндегі ахуалды «қанағаттанарлық» деп санайды.
«Демек, төрт елдегі де әлеуметтік ахуалды апатты жағдайда деп бағалауға болмайды»,- дейді зерттеушілер. «Соған қарамастан, адамдардың тұрмыстық ахуалын гүлденіп тұр деуге де келмейді». Дегенмен, Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі өздерінің тіршілік деңгейі жақсарады немесе қазіргі қалпында қалады дегенге үміт артады. Бұл тұрғыда Беларусь тұрғындарының оптимистігі төмен. Олардың арасынан тіршілік деңгейі жақсарады деп сенетіндердің саны ең төмен (22 процент) болса, тіршілік деңгейі керісінше төмендейді деп бағамдайтындардың саны ең жоғары (19 процент).

Перейти к новостям спорта