GE Energy компаниясының мұнай және газ бөлімі 2005-жылы Атырауда оқу-техникалық орталығын ашуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
GE Energy компаниясының мұнай және газ бөлімі 2005-жылы Атырауда оқу-техникалық орталығын ашуды жоспарлап отыр

GE Energy компаниясының мұнай және газ бөлімі 2005-жылы Атырауда оқу-техникалық орталығын ашуды жоспарлап отыр

GE Energy компаниясының мұнай және газ бөлімі Қазақстанда аймақтық оқу-техникалық орталығына құрылтайшылық жасап, оны салу туралы келісімге қол қойды. Ол Қазақстан мен жақын аймақтардағы тапсырыс берушілерді техникалық ақпараттармен қамтамасыз ету, мамандар дайындау, турбомашиналарға және басқа да технологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсететін болады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне GE Energy компаниясынан хабарлады.

  • 15 Қазан 2004
  • 563
Фото - Caravan.kz

«СИФАЛЬ» тобымен бірлесіп жүзеге асырылатын бұл жоба GE Energy компаниясының Қазақстандағы алғашқы жобасы болмақ. «СИФАЛЬ» тобы энергетикалық өнеркәсіп саласына қызмет көрсетуші аймақтық компания болып табылады және Қазақстанда — Каспий теңізі аймағында жұмыс істейді.

Нысан құрылысы Атыраудың келешегі зор өнеркәсіпті ауданында жүзеге асырылатын болады және 1000 шаршы метр аумақты иемденетін оқу орталығы кешеніне техникалық көмек орталығының, бизнес-орталықтың, өндірістік жайлардың кешендері кіреді.
«Жаңа орталықтың көмегімен біз біздің Қазақстандағы және басқа да аймақтардағы тапсырыс берушілер өздерін қызықтырған ақпараттарды ала алатын оқыту ортасын қалыптастырмақпыз»,- деді GE Energy компаниясының мұнай және газ бөлімінің президенті Пьеро Сальвадори.
«Біздің басты мақсат — тұрақты жұмыс істейтін іскерлік құрылым құру, GE Energy компаниясының елдегі іс-қызметі аясын кеңейту болып табылады. Бұл GE Energy турбомашиналарында жүзеге асырылған технологиялар туралы хабардарлық деңгейін арттыру және тапсырыс берушілерге жөндеу қызметін көрсету үшін жасалған қадам»,- деді П.Сальвадори.
Жаңа оқу-техникалық орталығы 2005-жылы пайдалануға беріледі. Ол халықаралық және ұлттық мұнай-газ компанияларына, жергілікті электр қуатын таратушы компанияларға, сондай-ақ, энергетикалық бизнеске қызмет көрсететін болады.
Оқу орталығы газ құбырын басқару панелінің тренажерымен және басқа да оқыту құралдарымен қамтамасыз етілген. Ол GE Energy компаниясының жабдықтарымен жұмыс істеуге машықтандыруға бағытталған кешенді қызметтер көрсетіп, қызмет көрсетуші персонал мен оперативті қызметкерлер, бизнес-жетекшілер мен басқарушылар үшін нақты мамандандырылған дәрістер ұйымдастырады.

Перейти к новостям спорта