Беларусьтағы парламент сайлауы мен референдум барысын ТМД елдерінен 200-дей бақылаушы қадағалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусьтағы парламент сайлауы мен референдум барысын ТМД елдерінен 200-дей бақылаушы қадағалайды

Беларусьтағы парламент сайлауы мен референдум барысын ТМД елдерінен 200-дей бақылаушы қадағалайды

Беларусьтағы парламент сайлауы мен республикалық референдум барысын ТМД елдерінен 200-дей бақылаушы қадағалайды. Бақылаушылар миссиясының жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі штаб мәліметтері бойынша, Беларусь Орталық сайлау комиссиясында ТМД елдерінен 239 бақылаушы аккредитацияланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Қазан 2004
  • 557
Фото - Caravan.kz

ТМД елдерінің ұзақ мерзімді бақылаушылары қазір сайлау мен референдумға дайындық барысын қадағалауда. Олар депутаттықтан үміткерлермен, сайлауға өз үміткерлерін үкілеген еңбек ұжымдарымен, саяси партиялар мен бірлестік өкілдерімен және сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесулер өткізуде.

17-қазан, сайлау күні Ресей мен Украинаның Беларусьпен шектесетін облыстарынан ТМД елдерінің үлкен бақылаушылар тобы келеді деп күтілуде. Олардың біраз бөлігі күні бүгінге дейін аккредитация алып үлгерсе, 37 адам қазір аккредитациялануда.
Миссия штабы «сайлау компаниясына жүргізілетін мониторингті ТМД елдерінің бақылаушылары сайлау округтерінің біреуін қалдырмай, толыққанды бақылау жасауына жағдай тудыру бағытында ұйымдастырмақшы». Штаб өкілдерінің пікірінше, мұндай кең көлемді мониторинг қорытынды мәлімдемені жан-жақты әрі обьективті жасауға мүмкіндік береді. Қорытындыны ТМД елдерінің бақылаушылары миссиясының басшысы, ТМД Атқару комитетінің төрағасы Владимир Рушайло 18-қазан күні таңертең жария етеді.

Перейти к новостям спорта