Қасым-Жомарт Тоқаев ОСК 30 жылдығына арналған конференция қатысушыларына құттықтау жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев ОСК 30 жылдығына арналған конференция қатысушыларына құттықтау жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ОСК 30 жылдығына арналған конференция қатысушыларына құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы қатысушыларына құттықтау жолдады.

  • 7 Желтоқсан 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Құттықтауды Президент кеңесшісі Ернар Баспаев оқып берді, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы Kazinform.-ға сілтеме жасап.

«Тәуелсіздік жылдарында еліміздің сайлау органдары дәйекті даму жолынан өтіп, мемлекеттік биліктің аса маңызды институттарын қалыптастыру ісіне елеулі үлес қосты. Бұл органдар сайлау құқығына қатысты әлемдік деңгейдегі жоғары талаптарды әрдайым сақтай білді. Сондай-ақ халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты нығайтып, қоғаммен ашық диалог орнатты. Мысалы, шетелдің озық тәжірибесін ескере отырып, аумақтық комиссиялардың кәсіби деңгейін көтеру, жұмысын жақсарту және оның әрбір мүшесінің мәртебесін айқындау үшін нақты шаралар қабылдады. Былтырғы жалпыұлттық референдумда халықтың басым бөлігінің қолдауына ие болған ауқымды конституциялық реформа сайлау жүйесін жаңғырта түсуге жол ашты. Қазақстанда жан-жақты өзгерістер кезеңінде сайлау заңнамасы үнемі жетілдіріліп отыруға баса мән берілді. Осы күрделі әрі жауапты міндетті орындау үшін сарапшылар қауымымен тығыз қарым-қатынас орнатудың маңызы зор. Бүгінгі бас қосуда бұл саланы дамытуға қатысты салмақты ой-пікірлер айтылып, тың тәсілдер ұсынылады деп сенемін. Баршаңызға бақ-береке, толғай табыс тілеймін. Конференция жұмысы жемісті болсын», — делінген Президент құттықтауында.
Айта кетейік, конференция жұмысына 10 елдің Орталық сайлау комиссияларының, 6 халықаралық ұйымның басшылары қатысуда.