Батыс Қазақстанда орманға кіруге тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 476.75
  • 541.59
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда орманға кіруге тыйым салынды

Батыс Қазақстанда орманға кіруге тыйым салынды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде өңірде жоғары өрт қаупі кезеңінде арнайы шектеулер күшіне енді

  • 29 Шiлде
  • 2
Фото: ТЖМ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күн сайын сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін жеке тұлғалардың орманға баруына және демалуына, сондай-ақ көлік құралдарының тоғай ішіне кіруіне қатаң тыйым салынады.

Құжатқа сәйкес бұл талап ауа райы толық тұрақталғанға дейін, яғни температура төмендегенше сақталады.

— Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған және әкімдік қаулысының талаптарын елемеген азаматтар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады, — делінген ресми мәліметте.