ҚР Жоғарғы сотында Қазақстан аумағында жұмыс істейтін халықаралық төрт ұйымды мойындауға қатысты процесс өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Жоғарғы сотында Қазақстан аумағында жұмыс істейтін халықаралық төрт ұйымды мойындауға қатысты процесс өтеді

ҚР Жоғарғы сотында Қазақстан аумағында жұмыс істейтін халықаралық төрт ұйымды мойындауға қатысты процесс өтеді

ҚР Жоғарғы сотында республикалық арнаулы қызметтер іс-қызметі лаңкестік сипатта деп таныған Қазақстан аумағында жұмыс істейтін халықаралық төрт ұйымды мойындауға қатысты процесс өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен бүгін, 15-қазанда хабарлады.

  • 15 Қазан 2004
  • 613
Фото - Caravan.kz

Мұндай процесс өткізуге ҚР бас прокуратурасы бастама көтеріп, ҚР Жоғарғы сотына «Аль Кайда», Шығыс Түркістан Ислам Партиясы, Курд халық конгрессі мен Өзбекстан Ислам қозғалысы тәрізді төрт ұйымға қатысты материалдарды тапсырған.

Жоғарғы соттың мәлімдемесіне сәйкес, ҚР бас прокуратурасының мәлімдемесінде атап көрсетілгеніндей, ҚР Ата заңы бойынша Қазақстанда іс-қызметі мен әрекеттері конституциялық құрылымды зорлықпен өзгертуге, елдің біртұтастығына нұқсан келтіруге, мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіруге, ұлтаралық, дінаралық және ру-тайпааралық араздықты өршітуге, заңда қарастырылмаған әскери құрылымдар құруға бағытталған қоғамдық бірлестіктердің іс-қызметіне тыйым салынады. Сондай-ақ, Қазақстан лаңкестікпен күрес жөніндегі бірқатар халықаралық конвенциялар мен келісімдерге бірікті. Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі болғандықтан, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясына сәйкес өз аумағында лаңкестік әрекеттердің алдын алуға шаралар қолдануы тиіс.
ҚР ҰҚК Алматы өңірінде «дүниежүзінде ислам мемлекетін қайта жаңғыртуды» көксейтін халықаралық ұйымдарды әшкереледі. Сондай-ақ Қазақстан мен басқа да ТМД елдері аумағында «ұлтазаттық қозғалысы» үшін қаржы жинау, содырларды тарту шаралары жүзеге асырылуда, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, лаңкестік ұйымдардың тізімін ҚР бас прокуратурасына «Лаңкестікпен күрес туралы» заңның 21-бабына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жолдаған.

Перейти к новостям спорта