Айнұрлардың миллион теңгелік кеңестері исламды жексұрын ету үшін - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айнұрлардың миллион теңгелік кеңестері исламды жексұрын ету үшін - Сәуле Әбілдаханқызы

Айнұрлардың миллион теңгелік кеңестері исламды жексұрын ету үшін - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист, белгілі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы тәңіршілер мен мұсылмандарды бір-біріне  қарсы қою дұшпандардың проектісі екенін мәлімдеді. 

  • 7 Желтоқсан 2023
  • 55
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Бір нәрсені түсініңіздер: осындай нешетүрлі жиіркенішті нәрселерден бастап, хиджап, никабқа оранған қыздардың түнгі клубта, притонда жүргені, жексұрын шайтани билері, бахабиттік, сақалиттік уағыздар, Құдайға, Пайғамбарға тіл тигізу, тіпті, айнұрлардың миллион теңгелік кеңестеріне дейін — бәрі де исламды жексұрын ету үшін еврейлердің, иудистердің, христиандардың (католигі бар, протестанты бар, православы бар, басқасы бар) әртүрлі саяси алпауыттардың т.с.с. исламның дұшпандарының ойлап тапқан жобалары. сатыбалды, бекболат, балғынбек сияқтылардың бәрі де сол проектілердің жемістері. Бүгінде тәңіршілер мен мұсылмандарды қарсы қойып, бір-бірімен жауластырып, алауыздықты қоздырып, бірлігі мен берекесін кетіру — дұшпан көздеген ірі мақсаттардың бір тармағы…

Нағыз исламға бір елі жақындамайтын әлі талай жиіркенішті сұмдықтарды көре беретін боламыз. Адамды исламнан бездіру тәсілдері дейді мұны. Безіп жатқандар да аз емес… Бұндай нәрселердің (жобалардың) артында миллиардтаған қаржы тұр… Бұл идея ислам пайда болғалы қатар жасап келе жатыр, тек заманға қарай формасы мен мазмұны өзгеріп отырған…

Қазақтың діндарлығы, имандылығы, Құдайды тануы, бұ дүние мен о дүние туралы дүниетанымы, философиясы Яссауи, Абай, Шәкәрімдердің философиясымен бірдей. Құдайды іздеп, Алланың дидарына ғашық болғысы келген, дін танығысы келген қазаққа одан артық ештеңе керек емес еді негізі… сауатсыз надандар, бір-бірін жетектеген соқырлар сияқты, беталды лағып кетті… жетектескен күйі жардың шетіне жақындап қалды… оларды осы күйге түсірген нәннің билігі екені анық… "У-ды у қайтарады", бұл надандық дертінен қазақты есі дұрыс, сауатты, елді ойлаған билік қана қайтара алады… ондай пешенемізге бұйырған болса, әрине… бұйырмаған болса, осы кеткеніміз кеткен… бұдан да сорақысы алда…", — деп

жазды ол.