"Енді толғатқан сәтіңді сал, бәрі көрсін": Сәбилі болғанын жұрттан жасырған Төреғали Төрәлінің туған қарындасы елден оңбай сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Енді толғатқан сәтіңді сал, бәрі көрсін": Сәбилі болғанын жұрттан жасырған Төреғали Төрәлінің туған қарындасы елден оңбай сөз естіді

"Енді толғатқан сәтіңді сал, бәрі көрсін": Сәбилі болғанын жұрттан жасырған Төреғали Төрәлінің туған қарындасы елден оңбай сөз естіді

Төреғали Төреәлінің туған қарындасы Фариза Төреәлі елден бөпелі болғанын жасырамын деп, жұрттан оңбай сөз естіді.

  • 7 Желтоқсан 2023
  • 762
Фото - Caravan.kz

Бұған блогердің соңғы күндері желіге бөпелі болған сәтін көп салғаны себеп болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі жақында сәбилі болды. Десе де белгілі блогер бұл жаңалығын кейінге дейін жасырып келді. 

"Күйеуімнің алғашқы білген сәті.  Нью-Йоркта “Женские секреты” жобамның съемкасымен жүрген кез. Өзім сабақтар түсірілімі болар алдын біліп, шок болып осылай Дарханмен бөліскен едім", — деп жаңа видеомен бөлісті ол. 

Көпшілік блогердің бұл әрекетін сынға алған. Олар: 

"Енді бір толғаткан сәтіңді сал, бәрі тынышталсын", "Елдерге осылай дәлелдеудің не қажеті бар? Көз тиеді", "Тоғыз ай бойы айтпау ешкімнің қолынан келе бермейді негізі, Біз қасқа жасырайық десекте жасыра алмаймыз", "Асырап алды дегендер қайда екен?" деп жазды олар.