Маңғыстау облысында жыл басынан бері теңізде апатқа ұшыраған 200 адам құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында жыл басынан бері теңізде апатқа ұшыраған 200 адам құтқарылды

Маңғыстау облысында жыл басынан бері теңізде апатқа ұшыраған 200 адам құтқарылды

2004-жылдың 9 айында Маңғыстау облысында судан құтқару қызметі теңізде апатқа ұшыраған 216 адамның 196-сын құтқарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне судан құтқару қызметінен хабарлады.

  • 18 Қазан 2004
  • 353
Фото - Caravan.kz

Ал жыл басынан бері облыстағы су қоймаларында 15 адам суға батып кетті, олардың екеуі балалар. Ерте көктемде резеңке қайықпен теңізге шыққан 6 балықшы әлі де хабарсыз кеткендер санатында.

Мамандардың айтуынша, облыстағы су қоймаларындаы қайғылы оқиғалар саны азая түсуде. Қазір Каспий теңізінің жағалауында 1800 шақырымға созылып жатқан жағалау сызығын қадағалайтын төрт құтқару станциясы жұмыс істеуде. Құтқарушылар қазіргі заманғы ұшқыр қайықтар мен суға сүңгуге қажетті құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ қазіргі заманғы құтқару станциясынның бірінші кезегін салу туралы мәселе де шешімін табуы тиіс. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінбекші.

Перейти к новостям спорта