Қазақстан мен Ресейдің көлік мекемелері арасында Каспийдегі екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресейдің көлік мекемелері арасында Каспийдегі екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстан мен Ресейдің көлік мекемелері арасында Каспийдегі екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстандағы Ресей жылы аясында "Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағы" РМК-ның өкілдері ҚР көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп Қазақстан мен Ресейдің Каспий теңізіндегі көлік саласындағы екі жақты ынтымақтастығын нығайту жөнінде дөңгелек үстел өткізді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтау теңіз айлағының маркетинг бөлімінен хабарлады.

  • 18 Қазан 2004
  • 562
Фото - Caravan.kz

Дөңгелек үстелге екі елдің көлік мекемелерінің өкілдері, Ресейдің теңіздегі кеме қатынасы регистрінің, Махачкала, Астрахань айлақтары мен екі елдің көлік және экспедиторлық компанияларының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында екі мемлекеттің айлақ құрылымдарының жүктемесін қамтамасыз ететін көлік тасымалын жүзеге асыру, кеме шаруашылығын дамыту, Қазақстанда сауда флотын құру саласындағы алдағы ынтымақтастыққа қажетті заңнамалық және нормативтік базаны қалыптастыру мәселелері қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті меморандумға қол қойылды.
Маркетинг бөлімінен хабарлағанындай, дөңгелек үстел барысында биыл «Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағы» РМК-ның сапаны басқару жүйесінің халықаралық ISO 9001:2000 стандарты талаптарына сәйкестігін зерттеген «Русский регистр» қауымдастығының сарапшылары «Ақтау айлағы қолданылатын басқару әдістемелерінің сапалық құрамына қарай Қазақстандағы ең таңдаулы кәсіпорындардың бірі және бұл тұрғыда Каспий теңізіндегі басқа барлық айлақтардан артық» деген қорытындыға келді.
Өндірістік, қаржылық және сауда іс-қызметіндегі табыстары үшін Ақтау теңіз сауда айлағына «Century International Quality Era Award» атты халықаралық сыйлық табыс етілді. Мұндай сыйлықпен компания сапаға, жетекшілікке, озық технологиялар мен инновацияларға деген талпынысы үшін марапатталып отыр.

Перейти к новостям спорта