Шымкентте жауапкершіліктен қорыққан екі тонаушы өз-өзіне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жауапкершіліктен қорыққан екі тонаушы өз-өзіне қол жұмсады

Шымкентте жауапкершіліктен қорыққан екі тонаушы өз-өзіне қол жұмсады

Шымкентте қонақ үйдің балконында буынып өлген екі жігіт өз-өзіне қол жұмсаудан бірнеше күн бұрын бір кәсіпкерді тонап кеткен. Бұл туралы KZ-today тілшісіне полициядағы бір ақпарат көзі хабарлады.

  • 18 Қазан 2004
  • 487
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14-қазанда «Достық» қонақ үйінің үшінші қабатындағы балконда екі жігіттің асулы тұрған мәйіті табылған болатын. Қонақ үйдің кітабында олар жалған атпен тіркеліпті.

Полиция қаза тапқандар Қазығұрт ауданының 25 жастағы тұрғыны Әділ мен 23 жастағы Ордабасылық Серік екенін анықтады. Тергеу барысында анықталғанындай, өз-өзіне қол жұмсаудан бес күн бұрын бұл екеуі Шымкенттік бір кәсіпкердің 3 млн. 260 мың теңгесін қолды болдырған. Қылмыскерлерге оның жүргізушісі Ерлан есімді жігіт ақпарат берген көрінеді. Зардап шегуші тонаушылық оқиғасына жүргізушінің қатысы бар екенінен күдіктеніп, одан ақшаны қайтаруды талап етіп, олай болмаған күнде полицияға шағым түсіремін деп қорқытқан. Осыдан кейін Ерлан 2 млн. теңгені кері қайтарған. Сөйтіп, кәсіпкер құқық қорғау мекемелеріне шағым түсіреді.
Полицияның жорамалы бойынша, өздерін іздестіріп жатқанын білген жігіттер жауапкершіліктен қорқып, өз-өздеріне қол жұмсаған секілді. Тәртіп сақшылары бұл сыртқы қандайбір әсерсіз, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті дегенге шәк келтірмейді. Ал ақпарат беруші тұтқындалып, уақытша тергеу қапасына қамалды.

Перейти к новостям спорта