Ж.Тұяқбайдың айтуынша, ол «парламент сайлауы барысындағы былықшылықтарға қарсылық» белгісі ретінде осындай шешім қабылдаған. Ж.Тұяқбай Қазақстан президентіне парламент мәжілісінің өткен сайлауын заңсыз деп танып, жаңа сайлау белгілеу туралы өтініш жасады.
Мәжіліс төрағасының айтуынша, егер сайлау заңсыз деп танылмаған жағдайда ол парламент депутаты деген мәртебеден, яғни, мәжіліс төрағасы лауазымынан бас тартады. Ж.Тұяқбайдың айтуынша, «Отан» партиясының тізімінде бірінші орында тұрған ол партия жеңіске жетуге байланысты жаңадан шақырылған парламент мәжілісінің төрағасы қызметіне автоматты түрде тағайындалуы тиіс болатын.