Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азиялық  ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады

Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады

Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшылары саммит қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады, -деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі.

  • 18 Қазан 2004
  • 556
Фото - Caravan.kz

Құжатта «халықаралық лаңкестік, діни экстремизм, есірткі саудасы мен басқа да қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерге қарсы күресте күш біріктірудің маңызы» атап көрсетілген.

Бүгінгі саммитте Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер аумағында іс-қызметіне тыйым салынған лаңкестік және діни экстремистік ұйымдар, олардың жетекшілері мен мүшелерінің тізімін дайындау туралы шешім қабылданды. Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер «ТМД-ға қатысушы басқа да елдерден Достастық аясында да осындай шараларды ұйымдастыруға шақырады»,- делінген мәлімдемеде.
Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары қауіпсіздік қорғау ұйымдары жетекшілерінің, құқық қорғау органдары мен ұйымға мүше елдердің мемлекеттік шекарасын қорғау қызметтері жетекшілерінің кеңесі туралы ережені бекітуге шешім қабылдады.
Президенттер су-энергетикалық, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру туралы тұжырымдаманы тұтастай мақұлдап, өз үкіметтеріне осындай консорциумдар құру туралы келісімдердің жобасын әзірлеуді тапсырды.
Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшылары Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы үкімет басшыларының кеңесіне «2005-жылдың бірінші тоқсанында өз отырысын өткізіп, онда аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың басымдық берілген мәселелерін, соның ішінде су-энергетикалық және сауда-экономикалық байланыстар туралы талқылауды» тапсырды.
Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекет басшылары «Ресей Федерациясының Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүшелікке өтуін қолдайды, Ресей ұйым аясында қол қойылған құжаттарға бірігу үшін олармен ұлттық деңгейде жұмыстар атқарады»,- делінген құжатта.
Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары «Ауғанстан басшылығының елді қалпына келтіру бағытындағы күш-жігеріне қолдау білдіре отырып, Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық сауықтыру жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаны жүзеге асыруға жан-жақты қолұшын беретінін, Ауғанстанды аймақтағы интеграциялық құбылыстарға жұмылдыру үшін өз іс-әрекеттерін үйлестіретінін» мәлімдеді.

Перейти к новостям спорта