Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысы ресми сапармен елімізде болады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысы ресми сапармен елімізде болады

Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысы ресми сапармен елімізде болады

Орталық Азия елдеріне сапары аясында Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер ресми сапармен елімізде болады. ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысы Алматыға 19-қазан күні 14 сағат 30 минутта келеді.

  • 18 Қазан 2004
  • 432
Фото - Caravan.kz

Алматыда бас хатшы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевпен кездеседі. Сондай-ақ, ол БАҚ өкілдерімен, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлар құрамымен жүздеседі.

Сол күні кешке Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысы Ташкентке ұшып кетеді. Бұдан бұырн да хабарлағанымыздай, Яап де Хооп Схеффер Қазақстанға келмес бұрын Тәжікстанда болды, ал бұдан кейін ол Қырғызстанға ат басын тірейді.
Солтүстік Атлантикалық Альянс — 26 елді мүшелікке біріктірген әскери-саяси ұйым. Сондай-ақ, ұйымның бастамасымен Евроатлантикалық әріптестік Одағы атты ұйым құрылып, оған Солтүстік Атлантикалық Альянсқа мүше 26 ел мен 20 әріптес-мемлекеттер біріккен.

Перейти к новостям спорта