Іс-шараны ұйымдастырушы – Нұрсұлтан Назарбаев Қордың жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ).
Астана Клубының басты миссиясы – жаһандық тенденцияларға анализ жасау және жалпы әлемге және Еуразия өңіріне ықпал ететін маңызды мәселелердің шешімін табу.
VII отырыс тақырыбы – «Бейбітшіліктің жаңа формуласы: Трансформация қарсаңында».
Екі күн ішінде сегіз тақырыптық сессия өткізу жоспарланған:
— «Баяулап қалған» әлемдік экономика: фрагментация қаупі және оны қалай шешу керек?;
— «Үлкен Орталық Азия: Ауғанстан және аймақтың болашағы»;
— «Санкциялар: Шынайылық арқылы тексеру»;
— «Таяу Шығыс: Аймақты не күтеді?»;
— «Ұлы бөлініс: Блокализация дәуірі»;
— «Алыптар текетіресі: АҚШ пен Қытайдың әлемдік тәртіпте басымдыққа ие болу үшін таласы»;
— «Уақыт таяп қалды: Жаһандық климат мәселесі және оны қалай шешу керек?»;
— «ЖИ революциясы: Әлемнің соңы, біз бұл жөнінде не білеміз?».