Мәжіліс мұнай жобаларынан үлес сатып алуда мемлекетке басым құқық беру жөніндегі заң жобасына түзетулер енгізуге қатысты келісім комиссиясының шешімін мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс мұнай жобаларынан үлес сатып алуда мемлекетке басым құқық беру жөніндегі заң жобасына түзетулер енгізуге қатысты келісім комиссиясының шешімін мақұлдады

Мәжіліс мұнай жобаларынан үлес сатып алуда мемлекетке басым құқық беру жөніндегі заң жобасына түзетулер енгізуге қатысты келісім комиссиясының шешімін мақұлдады

Бүгін, 20-қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 20 Қазан 2004
  • 435
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісім комиссиясы сенаттан келіп түскен келесім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланған және жобадағы өз үлесін сатуға шешім қабылдаған инвесторлардан үлесін сатып алуда мемлекетке басым құқық беру туралы ұсынысты қарады.

Сондай-ақ бұл заң жобасында «ҚазМұнайГаз» ҰК-ына мұнайгаз операцияларын жүзеге асырушы мердігерлермен шарт жасасқанда ҚР заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес жобадан міндетті түрде үлес иемдену арқылы мемлекет мүддесін қорғауға мүмкіндік беру қарастырылған. Заң жобасындағы бірқатар нормалар минералды шикізатты алғашқы сатылы өңдеу және өндіруде пайдалы қазбаның нормативтен тысқары шығынға ұшырауының алдын алуға, сондай-ақ, кеніш бойынша тау-кен-геологиялық және тау-кен-техникалық тұрғыда сапалық орташа емес, артықша жағдайдағы учаскелерді алдымен игеруге жол бермеуге бағытталады.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды. Келісім комиссиясының шешімі сенаттың қолдауына ие болған жағдайда заң парламенттеқабылданды деп саналып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Перейти к новостям спорта