Таиланд Қазақстандағы мұнай кеніштерін игеруге мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таиланд Қазақстандағы мұнай кеніштерін игеруге мүдделі

Таиланд Қазақстандағы мұнай кеніштерін игеруге мүдделі

Таиланд Қазақстандағы мұнай кеніштерін игеруге және Қазақстан Республикасынан көмірсутегі шикізатының транзитті тасымалын дамытуға мүдделі. Бұл туралы бүгін, 20-қазанда Алматыда Таиланд Корольдігінің сыртқы істер министрі Суракиарт Сатиратай ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында журналистерге мәлімдеді.

  • 20 Қазан 2004
  • 454
Фото - Caravan.kz

Келіссөздер қорытындысы бойынша қол қойылған хаттамаға сәйкес, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық саласы бойынша телекоммуникация, құрылыс және агроөнеркәсіптік кешен бағыттарында бірлескен кәсіпорындар құруға баса назар аударылады. «Бұл салаларда Қазақстанның ұлығаусар мүмкіндіктеріне көз жеткізген Таиландтың жеке бизнесі тарапынан үлкен қызығушылық танытылып отыр»,- деді С. Сатиратай. Осыған байланысты екі ел арасында өзара іскерлік өкілдер алмасу туралы байлам жасалды.

Сондай-ақ, Таиланд екі ел арасындағы туризмді дамытуға ықылас білдіруде. Бұл саладағы ынтымақтастықты ынтыландыру үшін жеке келісім-шартқа қол қоюға мүмкіндік бар, деді С. Сатиратай. Туризм саласын дамыту үшін Корольдік қазақстанның әуе компанияларына айрықша құқық беруге әзірлік танытып отыр.
Министрдің айтуынша, келіссөздер кезінде екі ел арасындағы маңызды құжаттарға қол қою шарасын тездету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Олардың арасында қосарланған салықты болдырмау туралы келісім, туризм саласындағы келісім мен инвестициялар туралы келісімдер бар. «Біз бұл құжаттарға ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005-жылға белгіленген Таиланд сапары барысында қол қоюды көздеп отырмыз»,- деді Таиланд сыртқы істер министрі.

Перейти к новостям спорта