Республика үкіметі Алматыдағы қаржылық орталықты дамыту тұжырымдамасын жуырда қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі Алматыдағы қаржылық орталықты дамыту тұжырымдамасын жуырда қарайды

Республика үкіметі Алматыдағы қаржылық орталықты дамыту тұжырымдамасын жуырда қарайды

Бүгін, 21-қазанда үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматыны ірі өңірлік қаржы орталығы ретінде дамыту мәселесі талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қазан 2004
  • 566
Фото - Caravan.kz

Қаржы орталығын құрудың негізгі мақсаты, Даниал Ахметовтың пікірінше, Қазақстанға қаржы ағымын тарту және көршілес елдермен қаржылық сектордағы салыстырмалы бәсекелестік артықшылықтарды сақтап қалу болып табылады.

«Алматыны халықаралық қаржы орталығы ретінде құруда, сөз жоқ, бұл қалаға қатысты бюджеттік саясат өзгеретін болады. Қалада ауқымды инфрақұрылым, мықты туристік орталықтар мен демалыс орындары құрылуы тиіс, сонымен бірге жоғары қауіпсіздік деңгейіне қол жеткізу керек. Біздің елімізге келген кәсіпкер бизнеспен шұғылданып қана қоймай, өз денсаулығы үшін алаң болмауы тиіс,- деді үкімет басшысы.
ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің ақпараты бойынша, Алматыны халықаралық қаржы орталығы ретінде дамыту мәселесін шешу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Дублин (Ирландия) мен Дубайдағы (БАӘ) осындай қаржы орталықтарын құру жөніндегі тәжірибелерін зерттеген топ мүшелері қаржылық орталықтың тұжырымдамасының жобасын әзірлеумен айналысты. Үкімет басшысы аталған тұжырымдаманы мақұлдай келе, айтылған ұсыныстарды ескере отырып, 10 күн ішінде құжатты пысықтап, оны үкімет қарауына енгізуді тапсырды.
Бұдан басқа, кеңес соңында үкімет басшысы ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне аталған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге әлемдік деңгейдегі компанияларды тартуды барынша жеделдету туралы міндет жүктеді.

Перейти к новостям спорта