БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Азия, Африка мен Латын Америкасының жетекші елдерінің есебінен кеңейтілуі тиіс - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Азия, Африка мен Латын Америкасының жетекші елдерінің есебінен кеңейтілуі тиіс - ҚР Елбасы

БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Азия, Африка мен Латын Америкасының жетекші елдерінің есебінен кеңейтілуі тиіс - ҚР Елбасы

"БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Азия, Африка мен Латын Америкасының негізгі елдерінің есебінен кеңейтілуі тиіс". Бұл туралы бүгін, 22-қазанда Алматыда басталған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдер министрлерінің бас қосуында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

  • 22 Қазан 2004
  • 673
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Елбасының пікірінше, «қазіргі халықаралық қарым-қатынастар жүйесі жаңалауды талап етеді. Бұл жұмысты дүниежүзіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғаушы бас мекеме — БҰҰ-ын жаңалаудан бастаған жөн».

Сонымен бірге, Н.Назарбаевтың пікірінше, «БҰҰ бас ассамблеясының қазіргі заманғы ең өзекті проблемаларды шешудегі ролін күшейту қажет». «Бұл шаралардың барлығы да халықаралық қарым-қатынастарды демократияландыруға түрткі болар еді. Ал бұл әлем елдерінің мүддесіне сәйкеседі»,- деді мемлекет басшысы.

Перейти к новостям спорта