Кездесуге қатысушылар Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы сенім шараларының каталогы, ұйым процедураларының ережесі мен министрлер кездесуінің декларациясын қабылдады.
Құжаттарға қол қою рәсімінен кейін ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевтың атап көрсеткеніндей, «бұл құжаттардың қабылдануы халықаралық қауіпсіздікті дамытудағы тың бетбұрыс, жаңа кезең болмақ».
Бүгін қабылданған Декларация Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының басты міндетін былай деп айқындайды: БҰҰ жарғысы мен Алматы актісінің принциптері мен мақсаттарына сәйкес Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздік ауанын қалыптастыруға үлес қосу. Декларацияда 2002-жылы Алматыда өткен мемлекет және үкімет басшыларының саммиті алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру бағытында ұйымға мүше елдер тындырған жұмыс нәтижелері, сондай-ақ, алдағы осындай саммитке дайындық жұмыстарын одан әрі жалғастыру туралы көрсетілген.
Ал сенім шараларының Каталогы қару-жарақ пен қарусыздануға бақылау қою жөніндегі келісімдерді орындау және шиеленістерді өзара бейбіт жолмен реттеу мәселелері бойынша Азия елдеріне берілген нұсқау сипатындағы құжат болмақ. Каталогта әскери-саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа да салалардағы шаралар кешені ай қындалған. Каталогтағы сенім шаралары Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдер мүшелікке өткен қару-жарақ пен қарусыздануға бақылау қою жөніндегі өзге де келісімдерге, бұдан басқа да сенім шараларына нұқсан келтірмейді.
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының процедураларының ережесіне Кеңестің жалпы ережелері қамтылған. Олар Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері деңгейіндегі және басқа да деңгейлердегі кездесулерін өткізу қағидаларын реттейді. Сондай-ақ, ережелерде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүшелікке өту, ұйымға бақылаушылық мәртебесі мен өкілдікке қатысты жалпы ережелер дәйектелген.
Кездесуге қатысушылардың атынан ҚР СІМ дүниежүзілік қауымдастық пен әлем халқын «Азия құрлығында аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттындағы диалогты одан әрі дамытуға әзір болуға шақырды».