Ресей СІМ Азияда халықаралық антитеррорлық бірлестіктердің іс-қызметін жандандырудың маңызын ерекше атады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей СІМ Азияда халықаралық антитеррорлық бірлестіктердің іс-қызметін жандандырудың маңызын ерекше атады

Ресей СІМ Азияда халықаралық антитеррорлық бірлестіктердің іс-қызметін жандандырудың маңызын ерекше атады

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының басты мақсаты - Азия құрлығында қауіпсіздік пен сенімнің біртұтас кеңістігін қалыптастыруға атсалысу болмақ. "Мұның маңызы айрықша зор, өйткені, бұл аймақта лаңкестік пен аймақтық шиеленіс ошақтары сақталып отыр, көптеген шекаралық даулар, зымырандар мен ядролық қару-жарақ таратпауға, есірткінің заңсыз айналымына қатысты өзекті проблемалар әлі де реттелген жоқ",- деді Алматыда өтіп жатқан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдердің министрлерінің бас қосуында Ресей СІМ Сергей Лавров.

  • 22 Қазан 2004
  • 472
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты Ресей СІМ Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының құрылу сатысынан тәжірибелік іс-әрекеттер сатысына көшуінің маңызын ерекше атады.

С.Лавров сонымен бірге Азиядағы бұдан басқа да көп жақты бірлестіктердің белсенділігі арта түскенін, олардың арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы, АСЕАН мен оның қауіпсіздік жөніндегі аймақтық форумын, АСЕАН+3 тетіктерін, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық ынтымақтастық форумдары мен «АЗИЯ-Еуропа» ұйымдарын атауға болады. «Бұл ағым Азия құрлығында бірігуге, көп жақтылыққа деген талпыныстардың нығая түскеніне дәлел бола алады»,- деді С.Лавров.
Осындай консолидациялық ауанда ол Азия-Тынық мұхиты аймағында көп жақты бірлестіктер арасында әріптестік желі құру туралы бастаманың маңызын жоғары бағалады. Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының жуырдағы Ташкент бас қосуында жария етілген болатын. «Осынау өзекті идеяны жүзеге асыруға Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы да атсалыса алады»,- деді РФ СІМ.

Перейти к новостям спорта