Азияда мемлекетаралық диалогты дамытуға бірегей мүмкіндіктер жасалды - Қытай СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азияда мемлекетаралық диалогты дамытуға бірегей мүмкіндіктер жасалды - Қытай СІМ

Азияда мемлекетаралық диалогты дамытуға бірегей мүмкіндіктер жасалды - Қытай СІМ

Азияда мемлекетаралық диалогты дамытуға және бірлесе гүлденуге бірегей мүмкіндіктер жасалды. Бүгін, 22-қазанда Алматыда өтіп жатқан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдердің министрлерінің бас қосуы барысында Қытай СІМ Ли Чжаосин осындай пікір білдірді.

  • 22 Қазан 2004
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Азиядағы түрлі елдердің басты ортақ мақсаты — бейбітшілік, қауіпсіздік, гүлдене даму мен ауқатты тұрмыс-тіршілік болмақ. Қазіргі жағдайда Азия елдері осынау мұраттарға жетуге қажетті көптеген қолайлы мүмкіндіктерге ие. Атап айтсақ, жалпы аймақтық тұрақтылық, қарқынды экономикалық өсім, аймақтық ынтымақтастыққа деген құлшыныстың күшейе түсуі тәрізді мүмкіндіктер бар»,- деді ол.

«Біз Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдер мен басқа да Азиялық елдерді ортақ мүддені конструктивті іздестіру арқылы оның аясын кеңейте түсуді, бұл істе мәдени және дәстүр айырмашылықтарынан, идеология мен әлеуметтік режим өзгешеліктерінен биік тұру, тарих өзімізге қалдырған түрлі өкпе-наздардан мүлдем бас тарту қажет»,- деді Қытай СІМ.
Ли Чжаосиннің айтуынша, «құрлықтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа лаңкестік, экстремизм, сепаратизм, аймақтарда шиеленісті нүктелердің пайда болуы, қару-жарақ контрабандасы, заңсыз есірткі айналымдары қатер төндіруде. Біз аймақтық антитеррорлық күрес бағытында ұзақ әрі ауыр жолдан өткелі отырмыз». «Лаңкестікпен тиімді күресу және оның алдын алу, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттігін тәжірибе дәлелдеп отыр»,- деді Қытай СІМ. Елшінің пікірінше, «лаңкестікпен күрестің жан-жақты әрі жүйелі халықаралық стратегиясын БҰҰ-ның жарғысы мен халықаралық құқық нормаларының негізінде жасап шығару қажет».

Перейти к новостям спорта