Санкт-Петербургте Қазақстанның бас консулдығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санкт-Петербургте Қазақстанның бас консулдығы ашылды

Санкт-Петербургте Қазақстанның бас консулдығы ашылды

25-қазан, дүйсенбіде Санкт-Петербургте Қазақстанның бас консулдығы ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Қазан 2004
  • 467
Фото - Caravan.kz

Консулдықтың ашылуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Қырымбек Көшербаев Санкт-Петербургке келді. Сапар барысында ол қала губернаторы Валентина Матвиенкомен кездесті.

Сондай-ақ, Санкт-Петербургте консулдық мекеменің ашылуына және кеше атап өтілген Республика күніне орай Қазақстанның атынан қонақасы берілді.
Санкт-Петербургте ашылған Қазақстанның бас консулдығы осымен еліміздің Ресейдегі үшінші дипломатиялық өкілдігі болмақ. Қазір Қазақстан Республикасының Мәскеудегі елшілігімен бірге Астрахань қаласында консулдық жұмыс істейді. Жуырда Омбы қаласында да Қазақстанның консулдығын ашу туралы шешім қабылданды.

Перейти к новостям спорта