Санитарлық дәрігерлер елімізде тұмау дерті қарашаның үшінші онкүндігінде өршиді деген болжам айтады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санитарлық дәрігерлер елімізде тұмау дерті қарашаның үшінші онкүндігінде өршиді деген болжам айтады

Санитарлық дәрігерлер елімізде тұмау дерті қарашаның үшінші онкүндігінде өршиді деген болжам айтады

Санитарлық дәрігерлер елімізде тұмау дерті қарашаның үшінші онкүндігінде өршиді деген болжам айтады. Тұмаудың шарықтау шегі 2005-жылдың қаңтар айына дөп келмек. Бұл туралы бүгін, 26-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында республикалық СЭС-тің эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Рахима Әлхамқызы хабарлады.

  • 26 Қазан 2004
  • 693
Фото - Caravan.kz

Р.Әлхамқызының айтуынша, бұл маусымда тұмау қоздырғыштарының А1, В және А3 секілді түрлері аурудың белең алуына түрткі болады.

Республикалық СЭС мәліметі бойынша, қазіргі жағдаймен елімізде респираторлы вирусты инфекция жұқтырған 50 мың адам тіркелсе, әзірге тұмауға шалдығу оқиғасы тіркелген жоқ.
Былтыр жергілікті бюджеттерден тұмаудың алдын алуға 76 млн. теңге бөлінді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұлттық орталықтың бас директоры Қазбек Төлебаевтың айтуынша, елімізде респираторлы вирусты инфекция мен тұмаудың алдын алу мақсатында 2004-жылдың қазан айынан бастап халық арасында ақпарат тарату науқаны басталды. Ұжымдардағы бұл жұмыс халықтың жұқпалы дерттен қорғану әдістері төңірегіндегі хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталады.
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің балалар арасындағы жұқпалы дерттер жөніндегі бас маманы Раушан Ыдырысованың айтуынша, аурудың жаппай белең алуына қарсы жалғыз күрес жолы — вакцина егу болмақ. «Тұмаудың жаппай белең алуына жол бермеуіміздің бірден-бір себебі — вакцина егу болмақ. Вакцина егу арқылы аурудың асқынуына және кісі өліміне жол бермеу мақсаты көзделеді»,- деді Р.Ыдырысова.
Тұмау — ең таралған жұқпалы аурулардың бірі. Жыл сайын белең алатын жұқпалы аурулардың үштен екі бөлігін респираторлы вирусты инфекция мен тұмау иемденеді. Тұмау асқынғанда пневмония, бронхит, серозды менингит және миокардитке ұласатыны бар. Ауру көбінесе жас балалар, қарттар мен түрлі созылмалы дертке шалдыққандар арасында асқынады.

Перейти к новостям спорта