Солтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер 11 кило марихуана әкеле жатқан есірткі тасымалдаушыны ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер 11 кило марихуана әкеле жатқан есірткі тасымалдаушыны ұстады

Солтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер 11 кило марихуана әкеле жатқан есірткі тасымалдаушыны ұстады

"Петропавл бекеті" кеден бөлімшесінің қызметкерлері Тараз қаласының 26 жастағы әйел-тұрғынын ұстады. Одан жалпы салмағы 11 кило 920 грамм құрайтын марихуана салынған 6 полиэтилен қапшық тәркіленді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Қазан 2004
  • 333
Фото - Caravan.kz

Алматы-Екатеринбург бағытында жолға шыққан әйел өзімен бірге 5 жасар қызын ала шыққан. Бұл жағдай мүмкін кеденшілердің қырағылығын көмескілендіріп жіберер ме еді, кім білсін, бірақ, есірткінің иісін арнайы жаттықтырылған иісшіл ит сезіп қойды.

Ұсталған әйел қапшықтардың ішінде не бар екенін білмеймін деп мәлімдеді. Оның айтуынша, сәлемдемені бір таныстары Екатеринбургтегі туыстарына беріп жіберген. Қазір бұл іс бойынша тергеу жалғасуда.

Перейти к новостям спорта