Бағдарлама бұрынғы қырғыз банкі, ал қазір Халық банкі иемденетін «Қайрат» банкі арқылы жүзеге асырылады.
Ә.Сырғабекованың пікірінше, «Қайрат» банкін сатып алу Қазақстан экономикасын жаңалау барысында Халық банкі жинақтаған тәжірибені Қырғызстанда қолданудың мәре басы болмақ. «Біздің пайымдауымызша, әлеуметтік-экономикалық даму жолында Қырғызстан бір кезде Қазақстан жүріп өткен кезеңдерден өтетіні анық»,- дейді банк басқармаларының төрайымы. Сондай-ақ, қазақстандық кеңсесінің тұсаукесерінен кейін Қырғызстан халық банкі деп аталатын «Қайрат» банкі шетелдік қаржы институтарының көмегімен сауықтыру шарасынан өтті және күрделі міндеттемелері жоқ,- деді Ә.Сырғабекова.