Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-К" зымыран-тасығышы ұшырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-К" зымыран-тасығышы ұшырылады

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-К" зымыран-тасығышы ұшырылады

Байқоңыр ғарыш айлағында "Протон-К" зымыран-тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ол жер орбитасына "Экспресс АМ-1" телекоммуникациялық жер серігін алып ұшады. Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, бүгін, 27-қазанда зымыран тасығыш ғарыш аппаратымен бірге 200-ші ұшырау алаңына шығарылды.

  • 27 Қазан 2004
  • 407
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Экспресс АМ-1» жер серігі — «Экспресс АМ» сериялы 5 сателлиттің үшіншісі болып табылады. Ол Ресей аумағында сандық телерадиохабарларын тарату, сандық телефония, мәліметтер жалғастыру мен Интернетке кең көлемде шығу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

«Протон-К» зымыран-тасығышы 30-қазанда, Астана уақытымен 5 сағат 11 минутта ұшырылады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта