РФ Федералдық кеңесі мен ҚР парламенті сенатының мүшелері екі жақты ынтымақтастықтың даму қорытындысын шығарады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ Федералдық кеңесі мен ҚР парламенті сенатының мүшелері екі жақты ынтымақтастықтың даму қорытындысын шығарады

РФ Федералдық кеңесі мен ҚР парламенті сенатының мүшелері екі жақты ынтымақтастықтың даму қорытындысын шығарады

13-желтоқсанда РФ Федералдық жиыны федералдық кеңесінің өкілдері Қазақстанға келеді. Республика парламенті сенатының депутаттарымен бас қосу барысында екі жақты ынтымақтастықтың даму қорытындысы шығарылады. Бұл туралы 27-қазан, сәрсенбіде РФ Федералдық кеңесінің ТМД істері жөніндегі комитетінің төрағасы Вадим Густов журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Мәскеуден.

  • 28 Қазан 2004
  • 436
Фото - Caravan.kz

В.Густовтың айтуынша, бүгінде Ресей мен Қазақстан арасында президенттік, парламенттік және үкіметтік деңгейлерде «етене жақын байланыс орнады».

РФ Федералдық кеңесінің мүшелері Қазақстанға сапары барысында сенат депутаттарымен бірлесе отырып экономика, әлеуметтік даму, шекаралық ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылап, «парламентаралық байланысты дамыту бағыттарын айқындайды»,- деді В.Густов.
Ол сондай-ақ, «көреген әрі данагөй басшысының арқасында Қазақстан ұлттық экономиканы дамыту мен екі жақты Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын дамытуға нақты қадамдар жасай алды» деп атап өтті.

Перейти к новостям спорта