Сотқа мұндай шағым түсіруге бұрынғы ақпарат министрінің республикалық газеттердің бірінде жарияланған пікірі түрткі болды. Онда А.Сәрсенбайұлы «Хабар» агенттігін «Қазақстандағы БАҚ-тар рыногын монополияға айналдырған медиахолдинг» санатына қосыпты.
Агенттік заңгері Қанат Сахарияновтың хабарлауынша, «Хабар» Агенттігі Хабар, Ел арна және Caspionet телеарналары, Хит ФМ-Хабар радиостанциясы, www.khabar.kz және www.caspionet.kz вебсайттары тәрізді бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі болып табылады және қандайбір медиахолдингіге кірмейді.
Сондай-ақ, өз сөзінде бұрынғы ақпарат министрі Агенттікті бюджет заңнамасын бұзды деп айыптаған.
«Хабар» агенттігінің шағымында атап көрсетілгеніндей, «А.Сәрсенбайұлы мырза көпе-көрнеу жалған ақпарат таратты деуге болады. Өйткені, мемлекет атынан
«Хабар» агенттігі» АҚ акцияларының бақылау қоржынын иемдену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын профильді министрліктің жетекшісі ретінде істің мән-жайын білуге тиіс болатын және оны білді де. Тіпті «Хабар» Агенттігінің іс-қызметіне қатысты кейбір нормативтік құжаттарға өз қолымен қол қойды».
«Хабар» Агенттігінің атынан түсірілген шағымда А.Сәрсенбайұлынан агенттіктің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жоққа шығару, одан моральдық шығынның өтемі ретінде 1 млрд. теңге өндіріп алу талап етілген.