Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшысының киімін киген тонаушылар 1,7 млн. теңгені қолды болдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшысының киімін киген тонаушылар 1,7 млн. теңгені қолды болдырды

Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшысының киімін киген тонаушылар 1,7 млн. теңгені қолды болдырды

Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшысының киімін киген белгісіз екі тонаушы "Жораев иК" ЖШС-нің қызметкерлерін тонап кетті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 28 Қазан 2004
  • 348
Фото - Caravan.kz

26-қазан күні таңертең «Жораев иК» ЖШС-нің жүргізушісі мен экспедиторы Сарыағаш аудандық ІІБ-на көмек сұрай келген. Олардың айтуынша, таңғы сағат 6-да Қазығұрт ауданының Шарапхана ауылы маңында, Алматы-Термез тас жолының бойында тәртіп сақшысының киімін киген екі адам әлгілерді тоқтатқан. Беттеріне бетперде киген жалған тәртіп сақшылары күш қолдану арқылы 1 млн. 750 мың теңгені тартып алып, қызыл түсті «Фольксваген-Гольф» автокөлігімен із жасырған.

Қазір қылмыскерлер іздестіріліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта