Кабельмен хабар тарату желісіне қожайындық жасайтын телекомпаниялар музыканттар мен киностудиялардың авторлық құқығын бұзуды доғармай отыр- ҚР әділет министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кабельмен хабар тарату желісіне қожайындық  жасайтын телекомпаниялар музыканттар мен киностудиялардың авторлық құқығын бұзуды доғармай отыр- ҚР әділет министрлігі

Кабельмен хабар тарату желісіне қожайындық жасайтын телекомпаниялар музыканттар мен киностудиялардың авторлық құқығын бұзуды доғармай отыр- ҚР әділет министрлігі

Кабельмен хабар тарату желісіне қожайындық жасайтын телекомпаниялар қазақстандық және шетелдік авторлардың бағдарламалары мен туындыларын рұқсатсыз таратуды әлі де доғармай отыр. Бұл туралы бүгін, 28-қазанда Алматыда "Электронды БАҚ-тар саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар" тақырыбы бойынша өткен дөңгелек үстелде ҚР әділет министрлігінің санаткерлік меншік құқығын қорғау комитетінің төрағасы Бекет Әлиғожин хабарлады.

  • 28 Қазан 2004
  • 580
Фото - Caravan.kz

Б.Әлиғожиннің пікірінше, кабельмен хабар таратушы телекомпаниялардың басшылары қандайбір арнаның эфирге шығарған бағдарламасын қайта таратқанда авторға гонорар төлеу қажет деп санамайтындығы басты проблема болмақ.

Бұл ретте телекомпания тиісті аударымдарды эфирлік компания жасады дегенді алға тартады. Ал Қазақстан заңдарында айқындалғанындай, ретрансляция жасау — хабар таратумен теңестірілген.
Дейтұрғанмен, Б.Әлиғожиннің айтуынша, эфирлік телекомпаниялар тарапынан авторлық құқық иелеріне гонорар төлеуге қатысты ахуал тұрақтана бастады. Олар еліміздегі авторлардың құқығын ұжымдық басқаруды жүзеге асыратын Қазақстанның авторлар қоғамына тұрақты ақша аударып тұрады. Алайда, теле- радиокомпаниялардың барлығы бірдей өз эфирлерінде қандайбір туындыны қанша рет көрсеткені туралы нақты ашып айтпайды. Демек, аударылған төлемдер мөлшері де төмендетіп көрсетілуде.
2003-жыл қорытындысы бойынша Қазақстанның авторлар қоғамы құқық иелеріне, соның ішінде, отандық музыканттар мен сазгерлерге шамамен 60 млн. теңге төледі.

Перейти к новостям спорта