ҚР әділет министрлігі заңнамаға санаткерлік меншік құқығын бұзғаны үшін жүктейтін жазаны күшейту туралы түзетулер әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР әділет министрлігі заңнамаға санаткерлік меншік құқығын бұзғаны үшін жүктейтін жазаны күшейту туралы түзетулер әзірледі

ҚР әділет министрлігі заңнамаға санаткерлік меншік құқығын бұзғаны үшін жүктейтін жазаны күшейту туралы түзетулер әзірледі

ҚР әділет министрлігінің санаткерлік меншік құқығын қорғау комитеті "Санаткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі. Бұл заң жобасы санаткерлік меншік құқығын қорғау шараларын күшейтуге бағытталған. Бұл туралы бүгін, 28-қазанда Алматыда "Электронды БАҚ-тар саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар" тақырыбы бойынша өткен дөңгелек үстелде ҚР әділет министрлігінің санаткерлік меншік құқығын қорғау комитетінің төрағасы Бекет Әлиғожин хабарлады.

  • 28 Қазан 2004
  • 1064
Фото - Caravan.kz

Б.Әлиғожиннің айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңдар Қазақстан Республикасында авторлық құқықтарды тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ете алмайды. Мәселен, қарақшылық жолмен бейнеөнімдер өндіруші мен оны сатушы 200 проценттік пайда табады, шығын тек кассеталар сатып алуға ғана жұмсалады. Ал «қарақшылық өнім» шығарғаны үшін жүктелетін жазаның ең жоғарғы шегі үш айлық есптік көрсеткішке тең, немесе, 3 мың теңге мөлшерінен аспайтын айыппұлмен шектеледі. Демек, Б.Әлиғожиннің тұжырымына сүйенсек, «қарақшылық өнім өндіруші» бұл ісін одан әрі жалғастыруға ынталы күйінде қала береді.

Жаңа заң жобасында авторлық құқықты бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қолданысқа енгізіп, айыппұлдың ең жоғары мөлшерін 500 мың айлық есепті көрсеткішке дейін арттыру көзделген. Сондай-ақ, заң жобасында авторлық құқық иелеріне моральдық шығынның орнын толықтыру жөнінде сотқа шағым түсіру құқығы берілген. Комитет төрағасының пікірінше, «заңда межеленген жауапкершілік шаралары жеткілікті болмақ. 500 мың айлық есепті көрсеткішке дейін айыппұл төлеген адам бұдан кейін заңсыз әрекетті жалғастырған жөн бе, жоқ па деген төңіректе ойланатын болады».

Перейти к новостям спорта