ЦентрКредит банкі Қазақстанның азық-түлік келісім-шарт корпорациясы үшін 20 млн. доллардың несиесін бірлесе ұйымдастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЦентрКредит банкі Қазақстанның азық-түлік келісім-шарт корпорациясы үшін 20 млн. доллардың несиесін бірлесе ұйымдастырды

ЦентрКредит банкі Қазақстанның азық-түлік келісім-шарт корпорациясы үшін 20 млн. доллардың несиесін бірлесе ұйымдастырды

ЦентрКредит банкі Қазақстан астығын экспорттаушы мемлекеттік ірі компания болып саналатын ҚР азық-түлік келісім-шарт корпорациясы үшін 20 млн. доллардың несиесін бірлесе ұйымдастырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қазан 2004
  • 441
Фото - Caravan.kz

ЦентрКредит банкі несиені Голландияның Rabobank және Францияның Natexis Banques Populaires банкімен бірлесіп 18 айға бермекші. Бұл шара «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерге кепілдік беру қоры» жартылай кепілдендірген астық қолхаттарының көмегімен кепілдендірілді.

ЦентрКредит банкі басқармаларының төрағасы Владислав Лидің пікірінше, осынау сауда-саттық шарасы ҚР азық-түлік келісім-шарт корпорациясы үшін аса тиімді қаржыландыру ставкалары мен жеңілдетілген мерзім ұсынылып, астық сатудан түсетін қаржыны оффшорлық есепшоттарды пайдаланбай жеңілдетілген жолмен аудару шарттары ұсынылуымен бірегей. Бұл шараны қамтамасыз етуші агент ролін ЦентрКредит банкі атқарады. Астық сатудан түскен қаржы аталмыш банктің есепшотына аударылады.
Сөйтіп, ЦентрКредит банкі алғаш рет батыстық ірі әріптес банктермен бірлесіп несие алу шарасын жүзеге асыруға атсалысты.

Перейти к новостям спорта