"Түрімнен ұяламын": Түкті бала ретінде танылған ақтаулық 20 жасар жігіттің қазіргі жағдайы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түрімнен ұяламын": Түкті бала ретінде танылған ақтаулық 20 жасар жігіттің қазіргі жағдайы белгілі болды

"Түрімнен ұяламын": Түкті бала ретінде танылған ақтаулық 20 жасар жігіттің қазіргі жағдайы белгілі болды

9 жыл бұрын түктi бала ретінде елге танылған Бекзаттың  жасы 20-ға келді. Алайда қазіргі хәл ахуалы оны қатты күйзеліске түсірген. Түкті баланың бетін безеу қаптаған. Үлкен ісіктен бір көзінің көруі нашарлаған. Елге көрінуден ұялады.

  • 27 Желтоқсан 2023
  • 100
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Ерекше баланың әкесі Ұзақбай Хожаев баласы жайлы былай деді:
Бала туыла салғаннан терісі түкті болып туылды. Өсе келе балалар тарапынан мазақтау болды. Сөйтіп, ортадан шеттетіле бастады. Бұдан кейінгі бала да үйден оқиды. Жасы 11-де. Баланың басында ісік бар деп айтты. Дәрігерлер үлкен баланы миллардтан бір бала бұлай туылады деп айтты. Көп жерге көрсеттік. Ақылы дәрігерге де бардық. Диагноз қоя алмады, дейдi киналып.

Ақтаулық жігіт Бекзат ішіндегі сырын ақтарды:

Өз түрімнен ұяламын. Бәріне шыдап келдім. Бала күнімнен мазақтайтын. Бетіме қара бетперде ғана тағып шығамын. Ортадан, қоғамнан шеттетілдім десем болады. Оку оқып, жұмыс жасасам деп ойлаймын. Безеу 16 жастан бастап шықты. Асқынып, көбейіп кетті. Безеу iрiндеп шығады, дейді.

Бүгінде Бекзат осы жағдайы үшін ата-анасына ренжулі көрінеді. Әкесі 15-16 жасынан бастап ара-қатынасымыз нашарлап кетті дегенді айтады. 20 жасар жiгiт бағдарлама барысында түрін жасырған бет пердені шешіп, көпшілікке жүзін көрсетті.