Кеңесте атап өтілгендей, елімізде электр қуатын тұтынуда жалпы сұраныстың өсуіне орай, оны өндіру балансы Қазақстанның оңтүстік облыстарында тапшылыққа әкеліп соғуда, соның кесірінен отын бағасының қымбаттығына байланысты Жамбыл ГРЭС-іне республикалық бюджеттен демеу қаржы бөлу мәселесін жыл сайын шешуге тура келеді. Проблеманы шешудің бірнеше нұсқасы барын атап өткен үкімет басшысы кез келген жағдайда аймақ халқының мүддесіне нұқсан келмеуі керектігін кеңеске қатысушылар есіне салып өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша үкімет басшысы тиісті құрылымдарға барлық қажетті құжатты әзірлеуді тапсырды, өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарына электр қуаты нарықтық баға бойынша сатылғаны, халық үшін ол өзгеріссіз қалады. Даниал Ахметов еліміздің оңтүстік өңірінде энергетиканы дамыту тұжырымдамасын әзірлеу барысында Жамбыл ГРЭС-ін қайта жаңарту перспективасын қарауға тапсырма берді.