Тараптар Қазақстанның халықаралық лаңкестікпен күрестегі дүниежүзілік қауымдастықтың күш-жігеріне белсенді қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Қазақстанның бітімгершілік миссиясының инженерлік-саперлік бөлімшесінің Ирактағы коалициялық күштер құрамына қамтылуы бұған дәлел деді тараптар. Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстандық әскерилер Иракта 2,7 млн. жарылғыш заттарды залалсыздандырған.
Сонымен бірге кездесуде екі мемлекет арасындағы әскери ынтымақтастық сапалық жоғары деңгейге көтерілгені туралы сөз болды. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы бір жарым жылда халықаралық әскери қаржыландыру (ҒМҒ) және халықаралық әскери дайындық және білім беру (ІМЕТ) бағдарламалары бойынша өзара ынтымақтастық ауқымы екі есе артты. Тараптардың пікірінше, әскери ынтымақтастық саласы бойынша екі ел арасындағы қарым-қатынастағы ең елеулі оқиға — 2003-жылдың қыркүйек айында 5 жылдық жоспарға қол қойылуы болмақ. Бұл жоспар бойынша Қазақстанға әскери жүк тасушы ұшақтар мен кемелер беру көзделіп отыр.
Р.Армитадж Қазақстанның кәсіби қарулы күштер құру мәселесі бойынша аймақтағы жетекші ролін атап өтті.
ҚР Қорғаныс министрімен кездесуден кейін АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Иракта бітімгершілік миссия атқарып келген әскерилермен кездесті. «Мен сіздер атсалысып қайтқан игі іс үшін өз халқымның атынан ризашылық білдіремін»,- деді Р.Армитадж сарбаздарға арнаған өз сөзінде.
Ал ҚР қорғаныс министрі «қазақстандық әскерилер Иракта қажетті жауынгерлік тәжірибе жинақтап қайтқанын, оны енді қатарлас өз әріптестеріне жалғастыратынын» атап өтті.