"Өзін-өзі тану" атты мектеп-гимназиясындағы кезекті сабаққа Бесландық балалар қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзін-өзі тану" атты мектеп-гимназиясындағы кезекті сабаққа Бесландық балалар қатысты

"Өзін-өзі тану" атты мектеп-гимназиясындағы кезекті сабаққа Бесландық балалар қатысты

Бүгін, 29-қазанда Қазақстан Елбасының зайыбы Сара Назарбаева "Бөбек" ұлттық орталығының қарамағындағы "Өзін-өзі тану" атты мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларымен кездесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Қазан 2004
  • 1982
Фото - Caravan.kz

«Өзін-өзі тану» атты адамгершілік-рухани білім беру жобасының авторы С.Назарбаева гимназия оқушылары арасында «Махаббат сабағын» тұрақты өткізіп тұрады. Онда рухани құндылықтар, отбасындағы, достар, сыныптастар және мұғалімдермен арадағы қарым-қатынас төңірегінде әңгіме өрбиді. Бүгінгі «Махаббат сабағына» мектеп-гимназияның оқушыларымен бірге Бесландағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккен балалар да қатысты.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Бөбек» қорының төрайымы Сара Назарбаеваның шақыруымен Бесландағы лаңкестік әрекеттерден зардап шеккен балалар тобы елімізге келген. Өкілдер құрамына 40 адам қамтылған. Олардың арасында мектеп жасына дейінгі 5 бала (ең кішісі 2 жаста), мектеп жасындағы 18 бала мен бірнеше студенттер бар. Балалар Ұлттық «Бөбек» орталығында орналасып, сауықтыру мақсатындағы емдеуден өтуде.
Бесланнан келген балалар тобының үйлестірушісі Эльма Елканова рухани демеу көрсеткені үшін С.Назарбаеваға ризашылық білдіріп, ескерткіш сыйлық табыс етті. «Қазақстан жеріне аяғымыз тигеннен бері минут сайын сезініп келе жатқан жылылық, қамқорлық пен көмек, махаббат пен жанашырлық үшін бүкіл Қазақстан халқына, елшілік басшыларына және мемлекет басшысының жұбайына тікелей шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта