Үкімет басшысы уәкілетті мекемелерге ұшақпен қатынайтын жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту жұмыстарын бір айда жүзеге асыруды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы уәкілетті мекемелерге ұшақпен қатынайтын жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту жұмыстарын бір айда жүзеге асыруды тапсырды

Үкімет басшысы уәкілетті мекемелерге ұшақпен қатынайтын жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту жұмыстарын бір айда жүзеге асыруды тапсырды

Үкімет басшысы уәкілетті мекемелерге ұшақпен қатынайтын жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға, әуе компанияларының техникалық қызметкелері мен ұшқыштарын шетелдерде оқытуға бағытталған жұмыстар мен қажетті құжаттарды бір айда дәйектеуді тапсырды. Бүгін, 29-қазанда әскери және азаматтық авиация мәселелеріне арналған үкімет отырысында министрлер кабинетінің жетекшісі Даниал Ахметов уәкілетті мекемелерге осындай пәрмен берді,- деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

  • 29 Қазан 2004
  • 457
Фото - Caravan.kz

Кеңесте Ресейдің «Сухой атындағы тәжірибелік-конструкторлық бюросы» ААҚ-мен ынтымақтастыққа, соның ішінде Қазақстанның аймақтық сипаттағы ұшақтар жасау жобасына қатысуына байланысты мәселелер сарапқа салынды.

Азаматтық авиация саласындағы ахуалға қатысты пікір алмасу барысында үкімет басшысы отырысқа қатысушылардың назарын мынадай мәселеге аударды: жолаушылар арасында үлкен сұранысқа ие бағыттар жанға жайлылық және жылдамдық тұрғысынан ұдайы талапқа сай келе бермейді.
«Эйр Астана» ЖАҚ-ның жетекшісі Ллойд Пакстон өз кезегінде үкімет басшысына компанияның жуық арада жаңадан жеті бірдей Боинг-757 ұшағын сатып алуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Бұл Астана мен Алматы арасындағы рейстер санын тәулігіне 6-8-ге дейін арттырып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді деді ол.

Перейти к новостям спорта