ҚР парламенті сенатының төрағасы АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасарын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР парламенті сенатының төрағасы АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасарын қабылдады

ҚР парламенті сенатының төрағасы АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасарын қабылдады

Бүгін, 29-қазанда сенат төрағасы Нұртай Әбіқаев ресми сапармен елімізге келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ричард Армитадж бастаған делегациямен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сенаттың парламентаралық және ақпараттық байланыстар бөлімінен хабарлады.

  • 29 Қазан 2004
  • 370
Фото - Caravan.kz

Кездесуде сенат төрағасы меймандарды Қазақстан парламентінің қызметімен таныстыра отырып, қазіргі кезде экстремизм және терроршылдыққа қарсы күрес жөніндегі іске асырылып жатқан шаралар туралы әңгімеледі. Бүгінде елімізде экстремизм және терроршылдыққа қарсы күрес туралы заң жобалары әзірленіп, оны зерделеу және жетілдіру жұмыстары қолға алынды. Парламент сенаты елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалармен үндесетін заңдар қабылдайтыны және еліміздің Конституциясына сәйкес сенаттың қарауына құзырет берілген мәселелерге қатысты шешім қабылдайтыны жайында хабардар етілді. Мәселен, сенат еліміздегі бірқатар жоғары лауазымдар мен елшілерді тағайындай алады.

Меймандардың Қазақстандағы ішкі саясат жайындағы сауалына Н.Әбіқаев елдегі тұрақтылықты, 46 конфессия мен 100-ден астам этностың бейбіт әрі тыныштықта өмір сүріп отырғанын атап өте келіп, мұның өзі біздің мемлекетіміздің ішкі саясатындағы байыптылықтың көрінісі болып табылады,-деді. Қай кезде де Қазақстан бейбітшілікті қолдаушы ретінде көрсетіп келеді, оған Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойғанын атап өткен жөн. Кездесуде сондай-ақ өткен мәжіліс сайлауында халықтың саяси белсенділігі арта түскені, 600-ден астам кандидат тіркелгені және алғаш рет елімізде электронды дауыс беру жүйесі қолданылғаны айтылды.

Перейти к новостям спорта