Қазақстанда жаңа ескерткіш тиындар шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жаңа ескерткіш тиындар шығарылды

Қазақстанда жаңа ескерткіш тиындар шығарылды

Бүгін, 29-қазанда ҚР Ұлттық банкі айналымға "proof" сапасы бар жаңа ескерткіш алтын тиындарды шығарды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің ресми хабарламасында айтылған.

  • 29 Қазан 2004
  • 674
Фото - Caravan.kz

«Gold of king Midas» (Мидас патшаның алтыны), «King Kroisos Treasure» (Крез патша) және «Marko Polo» (Марко Поло) деп аталған тиындар 100 теңгелік номиналмен шығарылды. Олар 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы — 1,24 грамм, диаметрі — 13,92 мм, Қазақстан теңге сарайында шығарылған.

«Gold of king Midas» (Мидас патшаның алтыны) және «King Kroisos Treasure» (Крез патша) тиындары 5 мың дана, «Marko Polo» (Марко Поло) 20 мың данамен шығарылды.
ҚР Ұлттық банкі, World Coininternational компаниясы мен «Қазақстан теңге сарайы» РМК арасындағы теңге шығару туралы келісімге сәйкес тиындар Қазақстаннан тысқары жерлерде сатылады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкі Мидас патшаның алтыны және Крез патша тиындарының әрбіреуінің 500 данасын, Марко Поло тиынының 1000 данасын ішкі рынокта сатуды көздеп отыр.
Ескерткіш алтын тиындар республика аумағында коллекциялық құны бойынша сатылады.

Перейти к новостям спорта