Несиені Қазақстан темір жолына АҚШ Эксимбанкінің кепілдігі бойынша «АБН-АМРО» банкі береді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ұзақ мерзімді несие локомотив паркін жаңалау үшін пайдаланылады. АҚШ-тағы «Дженерал электрик» компаниясынан әкелінетін локомотивтік жинақталымдар осыдан 18 жыл бұрын сатып алынған 2ТЕ10 үлгілі 100 локомотивті жаңалау үшін пайдаланылады. Модернизациялау нәтижесінде локомотивтерді пайдалану мерзімі 15-20 жылға ұзармақ.
Сауда-саттық шарасы активтер беру негізінде қаржыландыру жолымен жүзеге асырылады, кепілзат ролін локомотивтердің өзі атқарады. Сөйтіп, ҚТЖ еліміздегі банк секторына жатпайтын компаниялар арасынан бірінші болып Эксимбанктің дербес кепілдіксіз қаржыландару аясына ілікті.
Бұл Эксимбанк пен ҚТЖ арасындағы осымен екінші алыс-беріс шарасы. 2003-жылдың желтоқсан айында «Дженерал электрик» Эксимбанктің кепілдігімен ҚТЖ-ға 33,1 млн. долларға 54 комплект сатқан.
Қазақстаның АҚШ-тағы елшісі Қанат Саудабаев қол қойылған келісімдердің маңызын атай отырып, АҚШ капиталының Қазақстан экономикасының шикізат емес секторындағы үлес салмағын арттыру қажеттігіне тоқталды.