Бельгия парламентінің жоғарғы палатасының төрайымы 2009-жылға дейін Қазақстан демократиялық институттарды дамытуда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы күткендей ілгерілеушілікке қол жеткізе алады дегенге сенім білдірді. Анн-Мари Лизин Қазақстан парламенті сенатының төрағасын Бельгияға ресми сапармен келіп қайтуға шақырды. Сапар барысында Н.Әбіқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының өкілдерімен кездесіп, ұйымға төрағалық жасау мүмкіндіктерін талқылай алады.
Өз кезегінде Н.Әбіқаев Бельгия сенаты төрайымының елімізге сапары «тараптардың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының шеңберіндегі өзара ынтымақтастық саласындағы ұстанымын салыстыру» барысындағы «маңызды сапар болмақ» деп атап өтті. Сенат спикерінің айтуынша, «республика Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы демократиялық институттарды құруға қатысуы қажет деп санайды», бірақ, ұйыммен арадағы ынтымақтастық «қазіргіден де ауқымды сипатқа ие болуы тиіс».
Қазақстандағы демократиялық институттардың дамуына тоқталған Н.Әбіқаев «елімізде демократияның арқау негізі қаланғанын» тілге тиек етті. Оның айтуынша, «еліміз бұл салада жеткілікті тәжірибе жинақтады». «Тәуелсіздікке ие болған жылдарда біз ең бастысы ұлтаралық тұрақтылықты сақтай алдық»,- деді ол. Сондай-ақ, Н.Әбіқаевтың пікірінше, «елімізде демократиялық үрдістердің дамып келе жатқанына ел басшылығының бастамасымен әлемдік діндер лидерлерінің құрылтайы өткізілуі дәлел бола алады».
Кездесу барысында сондай-ақ тараптар екі жақты ынтымақтастық аясын кеңейту мәселесін талқылады. Парламентаралық байланыстарды дамыту мәселесіне баса назар аударылды. Бельгия сенатының төрайымы парламентаралық достық тобын құру туралы идеяны қолдады. Ол «ел ел парламенттерін байланыстырушы көпір ролін атқаруы тиіс».