Мәжілістің күн тәртібіне 10 түрлі мәселе енгізілді. Атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерін дамыту туралы, көлік саласындағы екі жақты және көп жақты ынтымақтастыққа қатысты түйіні шешілмеген проблемалар туралы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің халықаралық автокөлік тасымалына қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі үкіметаралық келісім жобасын жасауға қатысуы туралы, ұйымға мүше елдердің транспорт саласындағы заңнамалық базасын өзара үйлестіру қажеттігі туралы. Министрлер бұған қоса 2003-жылдың 10-қыркүйегінде Санкт-Петербургте өткен екінші кеңес хаттамасының орындалу барысын да талқыламақшы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Санкт-Петербургте өткен кеңес қорытындысы бойынша министрлер автокөлік қатынасы туралы көп жақты келісімдер жобасын жасау қажеттігі бойынша сарапшылар деңгейінде зерттеулерді жалғастыру, Ташкент-Әндижан-Ош-Сарыташ-Иркештам-Қашғар бағытындағы автожолдарды дамыту, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерге айрықша маңызды комбинациялық тасымал желілері туралы Еуропалық келісімге бірігу мүмкіндігі туралы талқылауға ұсыныс жасау жөнніде шешім қабылдаған.