Демократияландыру жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы болып ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратов бекітілді. Комиссия құрамына ҚР қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Берік Имашев, ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрі Есетжан Қосубаев, ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабеков, мәжіліс пен сенат депутаттары, ресми тіркелген барлық саяси партиялардың жетекшілері енді.
Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, ұлттық комиссия Қазақстанның саяси дамуына қатысты көкейкесті мәселелер бойынша жалпыұлттық диалогты дамыту үшін құрылған.