Мемлекет басшысы республика парламентінің жаңа мәжілісінің депутаттығына сайланғандарды құттықтады. «Мен бүгінгі күн жеңімпаздарын құттықтаймын және біздің алдымызда күрделі мемлекеттік міндеттер тұрғанын айтқым келеді»,- деді Елбасы депутаттарға.
Елбасының сөзі одан әрі жалғасуда. Бүгінгі отырыста мемлекет басшысы депутаттардың алдағы бес жылдағы міндеттерін айқындап береді.