Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы фермасында өрт шықты. Өрт сөндірушілер түліктің бір бөлігін ғана тілсіз жаудан құтқарып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы фермасында өрт шықты. Өрт сөндірушілер түліктің бір бөлігін ғана тілсіз жаудан құтқарып қалды

Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы фермасында өрт шықты. Өрт сөндірушілер түліктің бір бөлігін ғана тілсіз жаудан құтқарып қалды

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында "Лосиха" шаруа қожалығының шошқа фермасында өрт шығып, 510 шаршы метр аумақты қамтыды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қараша 2004
  • 407
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпараты бойынша шошқа қорасында 295 бас торай мен бұзау болған. Өрт сөндіру барысында бар болғаны 60 торай мен 2 бұзауды ғана құтқарып қалуға мүмкіндік жетті.

Өрт сөндіру шарасына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 15 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Өрт 7 сағатта әрең аыздықталды. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Перейти к новостям спорта