Қазақстанның сыртқы саясаты өзгермейді- ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның сыртқы саясаты өзгермейді- ҚР Елбасы

Қазақстанның сыртқы саясаты өзгермейді- ҚР Елбасы

Қазақстанның сыртқы саясаты өзгермейді. Бұл туралы бүгін, 3-қарашада үшінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қараша 2004
  • 2158
Фото - Caravan.kz

«Сыртқы саясаттың сан-салалылық, прагматизм, конструктивизм, диалог және ынтымақтастық тәрізді басты қағидалары өзгермей бір қалыпта қала береді. Дәл осы бағыт-бағдар әлемдік қауымдастықтағы жауапты әріптес ретінде танылған еліміздің беделін одан бетер нығайта түсті»,- деді Елбасы.

Н.Назарбаевтың айтуынша, «еліміз таңдап алған бағдардың дұрыстығы қазіргі ғаламдану дәуіріне тән түрлі тауқыметтер мен қауіп-қатерлер ахуалында тіптен айқын сезіледі». «21-ғасырда әлемнің қалай өзгергенін сіз бен біз айқын сезініп отырмыз: күн тәртібіне қауіпсіздік мәселесі көтерілді, оны әлемдік алпауыт мемлекеттердің бірлескен күш-жігерінің көмегімен, басқа елдермен ынтымақтасу арқылы ғана қамтамасыз етуге болады»,- деді Елбасы. «Біз халықаралық лаңкестікпен күрес, аймақтық және жергілікті шиеленістерді реттеу сынды екі күрделі тауқыметпен бетпе-бет келген дәл қазіргі сәтте мұндай диалогтың маңызы зор»,- деп атап көрсетті ол.
Елбасының пайымдауынша, «сыртқы саяси ахуалдың тұрақсыздығы жағдайында ұлттық қауіпсіздікке, лаңкестік пен экстремизмге қарсы күреске қатысты заң шығару мәселесіне аударылатын назарды босаңсытып алуға болмайды». «Бұл заң жобасы қазір парламентшілердің үстелінде жатыр»,- деді Елбасы Н.Назарбаев жаңа құрамды парламент депутаттарына арнаған сөзінде.

Перейти к новостям спорта